Сендер қанша тырыссаңдар да / әрекеттенсеңдер де / әйелдерің арасында әділдік етуге шамаларың келмейді. Сондықтан біреуіне мүлде ауып кетіп, өзгесін жіпсіз байлағандай, әрі-сәрі етіп қоймаңдар. Егер араларыңды түзетсеңдер және тақуалық қылсаңдар / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтансаңдар / , ақиқатында, Аллаһ - өте Кешірімді, ерекше Мейірімді.