Әрі / Қиямет күні / Аллаһ: «Ей, Мәриямның ұлы Иса! Адамдарға: «Мені және анамды Аллаһтан басқа екі құдай етіп алыңдар», - деп айтқан сен бе?» - дегенде, / Иса / : «Сен / кемшілік атаулыдан / пәксің! Өзімнің құқым болмаған нәрсені айту маған лайық емес. Егер айтқан болсам, ақиқатында, Сен оны, әлбетте білуші едің. Сен менің ішімдегіні білесің, ал мен Сендегіні білмеймін. Ақиқатында, Сен - Өзің ғана ғайыптарды Білушісің.