Ей, иманға келгендер! Біреуіңе өлім келіп, бір нәрсені өсиет етіп қалдырған кезде, өздеріңнен болған екі әділ кісі немесе жер бетінде сапар шегіп жүргендеріңде өлім ауыртпашылығы келсе, өздеріңнен басқалардан екі куә араларында куәгер болсын. Егер күмәндансаңдар, оларды намаздан кейін тоқтатып, екеуі: «Егер жақынымыз болса да антымызды ешбір бағаға сатпаймыз әрі Аллаһтың куәлігін жасырмаймыз, олай етсек, әлбетте күнәһарлардан боламыз», - деп Аллаһпен ант етсін.