Түн мен күндіздің ауысуында сондай-ақ Алланың көктен жаңбыр жаудырып, өлгеннен кейін жерге сонымен жан беруінде және желдерді игеруінде түсінген елге ғибрат бар.
Және де дін істерінде оларға ашық түсініктер бердік. Дегенмен өздеріне мәлімет келгеннен кейін өзара күншілік қылып, мүлде талас-тартысқа түсті. Шын мәнінде Раббың қиямет күні араларындағы қайшылыққа түскен нәрселері турасында үкім береді.
Немесе жамандықтарды істегендер, өздерін; иман келтіріп, ізгі іс істегендер сияқты қылатындығымызды, тіршіліктерінде, өлімдерінде тең боларын ойлай ма? Олардың берген үкімі нендей жаман.
(Мұхаммед Ғ.С.) көңлі тартқанын тәңір жасап алған, сондай-ақ Алла, өзін біліп адастырган және құлағын, жүрегін бітеп, көзіне қалтқы жасаған біреулерді көрдің ме? Енді Алладан кейін оны тура жолға кім салады? Түсінбейсіңдер ме?
Олар: "Тіршілігіміз дүниедегі ғана. Өлеміз, өмір стреміз. Бізді заман ғана өлтіреді" дейді. Негізінде олардың бұған байланысты мәліметі жоқ. Олардікі межелеу ғана. (Қүбылыстар; заманның айналуынан ғана болады дейді. М.Р.К.)
"Расында Алланың уәдесі хақиқат әрі қияметтің келуінде шәк жоқ" делінген уақытта: "Қияметтің не екенін білмейміз. Бір ой жору ғана деп ойлаймыз. Сондай-ақ біз анық нанушы емеспіз" (дер едіңдер.)
Бұларың, Алланың аяттарын мазақтағандықтарыңның салдарынан. Әрі сендерді дүние тіршілігі алдады. Сондықтан олар тозактан шығарылмайды да ғүзырлары қабыл етілмейді.