Сонда Талұт әскерімен / соғысқа / шыққанда: «Ақиқатында, Аллаһ сендерді бір өзенмен сынайды. Кім одан ішсе, ол - менен емес. Ал, кім одан татпаса, ол - менен. Тек, бір қолымен көсіп алып ішкен, бұдан тыс»,- деді. Сонда олардың азынан басқасы одан ішті. Ол және онымен бірге иманға келгендер одан / өзеннен / өткен кезде, олар: «Бүгін бізде Жалұтқа және оның әскеріне / қарсы соғысар / күш, қауқарымыз жоқ», - деді. Аллаһқа кездесетіндеріне айқын сенушілер: «Неше бір / саны / аз топ Аллаһтың қалауымен, көп топты жеңген еді. Аллаһ - сабырлылармен бірге», - деді.