Әрі оларға пайғамбарлары: «Ақиқатында, Аллаһ сендерге патша етіп Талұтты жіберді», - деді. Олар: «Патшалыққа оған қарағанда өзіміз лайықтырақ бола тұрып, ол қалай бізге патша болмақ?! Әрі оған жеткілікті дүние де берілмеген», - деді. Пайғамбар: «Ақиқатында, оны сендерге Аллаһтың Өзі таңдады және оны білім мен тұлға бітімінде кеңдігін арттырды. Аллаһ Өз иелігіндегі билікті / әкімшілікті / қалағанына береді. Аллаһ - рақымы Кең, бәрін Білуші », - деді.