Мұсадан кейінгі Исраил ұрпақтарының беделділері жайлы білмедің бе? Кезінде олар өздерінің пайғамбарына: «Бізге бір патша жібер, Аллаһ жолында соғысайық», - деді. Ол / пайғамбар / : «Сендерге егер соғыс парыз етілсе, соғыспай қалатын шығарсыңдар?» - деді. Олар: «Ақиқатында, үйлерімізден шығарылып, балаларымыздан айырыла тұрып, бізге Аллаһ жолында соғыспайтындай не болды?» - деді. Алайда, оларға соғыс парыз етілген кезде, аз бөлігінен басқасы бас тартты. Аллаһ - әділетсіздерді Білуші.