Егер оларға мәһр / қалыңдықтың сыйлығын / белгілеп, қосылудан бұрын талақ етсеңдер, оларға мәһрдің жартысы тиеді. Тек, егер, олар / әйелдер / кешірсе / белгіленген мәһрін алмаса / немесе неке түйіні қолындағы ер кісі кешірсе / мәһрді толық қалдырса / ол басқа. Ал, кешірулерің - тақуалыққа / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтануларыңа / жақынырақ. Әрі бір-біріңе кеңшілік жасауды ұмытпаңдар. Ақиқатында, Аллаһ - не істеп жатқандарыңды Көруші.