Әйелдерді қосылудан бұрын әрі оларға мәһр / қалыңдықтың сыйлығын / белгілеуден бұрын талақ етсеңдер, сендерге күнә болмайды. Сонда оларды - жағдайы бар өз мүмкіндігіне сай, ал жағдайы нашар өз шамасынша құпталғанға сай пайдаландырыңдар, бұл - жақсылықты ықыласпен істеушілер үшін бір міндет.