Ал / күту мерзімі бітпеген / әйелдерді айттыруға байланысты оларға тұспалдап
білдірулеріңде немесе іштеріңде жасыруларыңда сендер үшін күнә жоқ. Аллаһ сендердің оларды еске алатындарыңды біледі. Алайда, олармен жасырын уәде байласпаңдар. Ал, жөнімен / шариғат жолымен / сөйлесулеріңе болады. Идда / күту мерзімі / уақытына жетпейінше, неке байласуға шешім қабылдамаңдар. Әрі біліңдер, Аллаһ іштеріңдегіні біледі, сондықтан Одан сақтаныңдар. Әрі Аллаһтың өте Кешірімді , аса Ұстамды екенін біліңдер.