Аналар өз балаларын толық екі жыл емізеді. Емізуді ақырына жеткізуді қалағандар үшін / мерзім осы / . Ал, оларды құпталғандай азықтандыру және киіндіру перзентті болғанның / әкесінің / міндеті. Әрбір жанға оның мүмкіндігінен артығы жүктелмейді. Баласы себепті анаға әрі баласы себепті әкеге де зиян тигізуге болмайды. Сондай-ақ мұрагерге де / бала мен анасын асырауға / сол секілді міндет жүктеледі. Егер / ата-ана / өзара келісіп әрі кеңескеннен кейін, / баланы емізуден / айыруды қаласа, екеуіне де күнә емес. Ал, егер балаларыңды / бөгде әйелге / еміздіруді қаласаңдар, ақысын құпталғанға сай тиісінше берсеңдер, сендерге күнә емес. Аллаһтан / Оның тыйғандарынан / қорқып, сақтаныңдар және Аллаһтың не істеп жатқандарыңды Көруші екенін біліңдер.