Егер әйелдерді талақ етіп, иддасы жетсе, құпталғанға сай өзара келісімге келген жағдайда, өз күйеулерімен қайта қосылуларына кедергі жасамаңдар. Осы арқылы сендерден Аллаһқа және Ақирет күніне сенгендерге насихат етіледі. Бұл - сендерге ең жақсы әрі тазасы. Аллаһ біледі, сендер білмейсіңдер.