Ал, егер әйелдерге талақ беріп, иддасы / талақтан кейінгі күту мерзімі / жетсе, оларды құпталғанға сай ұстаңдар немесе оларды құпталғанға сай жіберіңдер. Оларға әділетсіздік ету үшін зиян тигізіп ұстамаңдар. Кім бұлай істесе, ол өзіне-өзі әділетсіздік жасаған болады. Аллаһтың аяттарын күлкіге айналдырмаңдар. Аллаһтың өздеріңе берген игілігін әрі Кітаптан және даналықтан сендерге насихат етіп, түсіргенін естерінде ұстандар. Аллаһтан / Оның тыйғандарынан / қорқып, сақтаныңдар әрі Аллаһтың барлық нәрсені Білуші екенін біліндер.