Талақ екі рет. Содан кейін / әйелдерді / құпталғанға сай ұстау немесе жақсылықпен жіберу / міндет / . Әрі оларға мәһрге сыйлап, бергендеріңнен бір нәрсе алуларыңа рұқсат етілмейді. Бірақ, екеуі Аллаһтың тыйымдарын орындай алмаудан қауіптенсе - ол басқа. Ал, егер екеуінің Аллаһтың тыйымдарын / бір-біріне қатысты міндеттерін / орындай алмауынан қорықсаңдар, / әйелдің мәһрді / қайтарып беруінде екеуіне де күнә жоқ. Міне, осы - Аллаһтың тыйым салғандары, одан шықпаңдар. Ал, кім Аллаһтың тыйымдарынан шығатын болса, міне, солар нағыз әділетсіздер.