Олар сенен тыйым салынған ай, ондағы / ол айдағы / соғыс жайлы сұрайды. Оларға: «Ол айда соғысу - үлкен / қылмыс / . Ал, Аллаһтың жолынан қайтару және Оған күпірлік ету / Аллаһтың бірлігін теріске шығару / , сондай-ақ әл-Харам мешітінен / тосу / және оның тұрғындарын одан шығару - Аллаһтың алдында одан да үлкен / қылмыс / . Бүлік / фитна / - / кісі / өлтіруден де үлкен»,- деп. Олар шамалары келсе, діндеріңнен қайтарғанға дейін сендермен соғысуын тоқтатпайды. Сендерден кім дінінен қайтса және кәпір күйде өлсе, міне, солардың амалдары осы өмірде және соңғы, мәңгілік өмірде / ақиретте / зая кетеді әрі олар - Отта / тозақта / болатындар. Олар - онда мәңгі қалушы.