Қажылықты және ұмраны Аллаһ үшін толық орындаңдар. Егер / жолда / кедергіге тап болсаңдар, құрбандық малдан жеңілін / сойыңдар / . Союға аталған құрбандық мал сойылатын орнына жеткенше, шаштарыңды алдырмаңдар. Сендерден біреу / ихрамда / науқас немесе басына байланысты бір қиыншылық көрсе / уақытынан бұрын шашын алдырса / , соның өтемі ретінде ораза ұстауы не садақа беруі немесе мал союы керек. Ал, қашан қауіпсіздікте болып, қайсыларың ұмра жасағаннан кейін, қажылыққа дейін / ихрамнан уақытша шықса / , онда өзіне қолайлы / жеңіл / болған бір құрбандық мал / шалуы керек / . Егер таба алмаса, қажылықта үш күн, / үйіне / қайтып барған соң жеті күнораза ұстайды, / барлығы / толық он күн. Бұл / үкім / - үйлері әл-Харам маңында / аумағында / болмағандар үшін. Әрі Аллаһқа тақуалық етіңдер / Оның жазасынан қорқып, сақтаныңдар / және Аллаһтың қатты азап иесі екенін біліңдер.