/ Ей, Мұхаммед! / Олар сенен жаңа туған айлар жайлы сұрайды. Айт: «Ол - адамдарға және қажылық үшін уақытты белгілеу / есептеу / », - деп. Үйлерге арт жағынан келулерің жақсы амал емес. Алайда кім тақуалық қылса / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанса / міне, осы - игі іс. Үйлерге есігінен келіңдер. мұраттарыңа жетулерің үшін Аллаһтан / Оның тыйғандарынан / қорқып, сақтаныңдар.