Сендерге оразаның түнінде әйелдеріңе жақындасуға рұқсат етілді. Олар - сендер үшін киім, сендер де - олар үшін киімсіңдер. Аллаһ сендердің өздеріңе қиянат етіп жүргендеріңді білді әрі күнәларыңа шынайы өкініп, Өзіне бойсұнуға қайтуларыңды / тәубелеріңді / қабыл етіп, сендерді кешірді. Олармен енді қосыла беріңдер және Аллаһтың өздеріңе жазғанын іздендер Әрі таңның ақ жібі қара жіптен анықталғанға дейін жеңдер-ішіңдер, кейін оразаны кешке дейін / ұстап / аяқтаңдар. Мешіттерде иғтикаф жасаушы болған халде, оларға / әйелдеріңе / жақындаспаңдар. Осы - Аллаһтың белгілеген шекаралары, оған жақындамаңдар. Аллаһ адамдарға, олар тақуалық етулері / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанулары / үшін аяттарын осылай түсіндіреді.