Игілік - жүздеріңді шығысқа және батысқа бұруларың емес. Негізінде, игілік Аллаһқа, Ақирет күніне, періштелерге, кітаптарға, пайғамбарларға сенуде және мал-дүниесін өзі жақсы көре тұрып жақындарына, жетімдерге, кедейлерге, / жолда қалған / жолаушыға, қайыр сұрағандарға және құлды азат етуге беруде және намазды / барлық шарттарын сақтап, беріле / толық орындауында, зекетті беруде әрі өзара уәделескенде, уәделерін орындауда әрі таршылық, ауруға ұшыраған және соғыс кезінде сабыр етуде. Міне, солар - шын сөзділер, міне, солар - тақуалар / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанушылар / .