Әлде сендер: «Ибраһим, Исмаъил, Исхақ, Йаъқуб және / оның / ұрпақтары иудей немесе христиан болған еді»,- дейсіңдер ме? Айт: «Сендер жақсы білесіңдер ме, әлде Аллаһ па?» - деп. Аллаһтан берілген куәлікті, өзінде жасырғаннан өткен әділетсіз біреу бар ма? Аллаһ істеп жатқан амалдарыңнан ғапыл / қапы қалушы / емес.