Біз Үйді / Қағбаны / адамдар үшін жиналатын әрі қауіпсіздік орны еттік. Ибраһимнің тұрған орнын / мақамын / намаз оқитын жер етіп алыңдар. Біз Ибраһим мен Исмаъилға: «Екеуің Үйімді / Қағбаны / - тәуап етушілер, құлшылық етіп / отырушылар / , рукуғ жасаушылар және сәжде қылушылар үшін тазартыңдар», - деп тапсырдық.