Әрі білмейтіндер / мүшріктер / : «Аллаһ бізбен сөйлессе немесе бізге бір белгі келсе еді», - деді. Дәл осылай, олардың сөздеріне ұқсас сөзді, олардан алдын өткендер де айтқан еді. Олардың жүректері бір-біріне ұқсайды. Ақиқатында, Біз, айқын сенетін адамдарға аяттарды түсіндіріп бердік.