Әрі иудейлер: «Христиандарда еш негіз жоқ», - деді, христиандар да: «Иудейлерде еш негіз жоқ», - деді. Ал, олар Кітапты оқиды. Білмейтіндер де дәл осылай, олардың айтқаны секілді сөз айтты. Қайта тірілу күні Аллаһ, олардың тартысқан нәрселері жөнінде Өз үкімін айтады.