Кітап берілген қауымның көбі, өздеріне ақиқат анықталса да, күншілдіктері себебінен, сендерді иманға келгеннен соң, күпірлікке / имансыздыққа / қайтаруды қалайды. Аллаһ Өз әмірін келтіргенге дейін, кешіріңдер де жөндеріне қоя тұрыңдар. Анығында, Аллаһ барлық нәрсені Жасай алушы.