/ Ей, Мұхаммед! / Олар сенен Сағаттың / Қияметтің / қашан орнайтындығын сұрайды. Айт: «Шын мәнінде, оның білімі - менің Раббымда. Оны мезгілі келгенде, Ол ғана ашады. Ол аспандарға және жерге ауыр. Ол сендерге тосыннан келеді», - деп. Олар сенен, бейне бір сен ол жайлы жақсы білетін секілді сұрайды. Айт: «Шын мәнінде, оның білімі - Аллаһта. Алайда, адамдардың көбі білмейді», - деп.