Олардан кейін, орындарына Кітапқа мұрагер болған бір ұрпақ келді. Олар ең жақынның / осы өмірдің / көрінген нәрсесін алады да: «Бізге кешірім етіледі», - дейді. Егер оларға осы секілді кездессе, олар оны тағы да алады. Олардан Аллаһқа қатысты шындықтан басқаны айтпаулары үшін әрі ондағыны оқып үйрену жайлы Кітапта айтылған серт алынбады ма? Соңғы, мәңгілік өмір / ақирет / жұрты - тақуалар / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанатындар / үшін қайырлы. Ақылдарыңды істетіп, ұғынбайсыңдар ма?