Біз оларды он екі ру елге бөлдік. Мұсадан халқы су сұраған кезде, оған: «Таяғыңмен тасты ұр» - деп уахи еттік. Сонда одан / тастан / он екі бұлақ жарып шығып, адамдардың әрбірі өз суатын білетін болды. Оларға бұлтты көлеңке етіп, мәнн және сәлуәні / көктен түсірілген тәтті тағам / түсірдік те: «Біз сендерге ризық етіп берген жақсы нәрселерден жеңдер», - дедік. Олар бізге әділетсіздік етпеді, алайда олар өздеріне әділетсіздік еткен еді.