солар, оқу-жазу білмеген Пайғамбарға / Нәбиге / - өздеріндегі Тәурат пен Інжілде ол туралы жазылғанын табатын - Елшіге / Расулға / ереді. Ол / Елші / оларды құпталғанға бұйырып, тыйым салынғаннан қайтарады. Оларға жақсы нәрселерге рұқсат беріп, жаман нәрселерге тыйым салады. Оларды үстеріндегі жүктен және бұғауларынан арылтады. Оған сенген, құрмет көрсеткен, жәрдем берген және онымен бірге түсірілген нұрға / Құранға / ергендер, міне солар - жетістікке жетушілер», - деді.