Мұса еліне ашуланған әрі күйінген халде оралып: «Менен кейін істегендерің неткен жаман еді. Раббыңыздың әмірін тездеткілерің келді ме?» - деді. Сөйтіп, / қолындағы / тақтайларды тастап жіберді де, бауырының басынан ұстап, оны өзіне қарай тартты. / Һарун / : «Әй, анамның ұлы! Негізінде, бұл ел мені басынып, өлтіре жаздады. Сондықтан мені дұшпандарға таба қылма әрі әділетсіз адамдармен бір деп есептеме!» - деді.