Әрі Мұса Біз белгілеген уақытқа келгенде, Раббысы онымен сөйлесті. Сонда ол: «Раббым! Маған Өзіңді көрсетші, Саған қарайын», - деді. / Аллаһ / : «Сен Мені көре алмайсың, бірақ тауға қара, егер ол өз орнында қалса, сонда Мені көре аласың»,-деді. Раббысы тауға тәжәлли болған / Өзіне ғана мәлім сипатта көрінген / сәтте, оны күл-талқан етті, ал Мұса есінен танып құлады. Ол есін жиған соң: «Сен / барлық кемшіліктен / пәксің, тәубе келтірдім / істеген күнәма шынайы өкініп, Өзіңе бойсұнуға қайттым / , әрі мен иманға келгендердің алғашқысымын», - деді.