Олар Аллаһқа, Оның Өзі жаратқан егін мен малдардан үлес ажыратып, жалаң ойларымен: «бұл - Аллаһқа, ал бұл - серіктерімізге», - деді. Серік еткендеріне арналғанды Аллаһқа деп бөлген үлестеріне қоспай, ал Аллаһқа арналғанды серік еткендерінің үлестеріне қоса беретін. Олардың ұйғарғандары неткен жаман.