Аллаһтың хақ уәдесі бойынша, сендердің барлығың Оған қайтасыңдар. Ақиқатында, О жаратылысты бастап жаратады, содан кейін иманға келген және ізгі амал істегендерге қайтарым сыйларын әділдікпен беру үшін оларды қайтарады. Ал, күпірлік еткендерге / иманға келмегендерге / күпірліктері үшін қайнап тұрған ыстық судан сусын әрі қинаушы азап бар.