Бұл, өздеріне пайғамбарлары ашық дәлелдермен келгенде: "Бізді адам тура жолға сала ма?",- деп қарсы шығып, бет бұрғандықтарының салдарынан. Алла, оларға мұхтаж емес екендігін көрсетті. Өйткені, Алла, мүңсыз, мақтауға лайық.
Сондай қарсы болғандар, әсте қайта тірілмейміз деп ойлайды. (Мұхаммед Ғ.С.) оларға: "Жоқ, Раббыма ант етемін. Әлбетте өлгеннен кейін қайта тірілесіңдер. Сосын сендерге не істегендерің түсіндіріледі. Осылар Аллаға оңай" де.
يوم يجمعكم ليوم الجمع ذالك يوم التغابن ومن يومن بالله ويعمل صالحا يكفر عنه سيياته ويدخله جنات تجري من تحتها الانهار خالدين فيها ابدا ذالك الفوز العظيم ٩
Жиналатын күні; ол күні, сендерді жинайды. Міне сол, кімнің алданғаны ортаға шығатын күн. Кім Аллаға иман келтіріп, ізгі іс істесе; Алла оның жамандығын жояды да оны астарынан өзендер ағатын бейіштерге кіргізеді. Онда олар мәңгі қалады. Осы зор қол жеткендік.
Әй мүміндер! Сөзсіз әйелдеріңнен балаларыңнан өздеріңе дұшпан болатындар да бар. Олардан сақсыныңдар. Егер оларды кешірім етсеңдер, шығыссаңдар, жарылқасаңдар, шәксіз Алла, өте жарылқаушы, ерекше мейірімді.
Сондықтан шамаларың келгенінше Алладан қорқыңдар. (Әмірлерін) тыңдаңдар, бой ұсыныңдар. Сондай-ақ тиісті орындарға мал жұмсаңдар; сендер үшін хайырлы болсын. Кім нәпсісінің сараңдығынан сақсынса, міне олар, құтылушылар.
Егер, Аллаға көркем қарыз берсеңдер, (тиісті орынға мал сарып қылсаңдар, С. 11-А.) оны сендер үшін неше есе арттырады әрі сендерді жарылқайды. Алла шүкірлікті бағалаушы, өте жұмсақ.