Ол сондай Алла, көктер мен жерді әрі екі арасындағыларды алты күнде жаратып, сосын ғаршыны көтерілді. Сондықтан сендердің Одан өзге ешбір иелерің де шапағатшыларың да жоқ, ойламайсыңдар иа?
Күнәкарлардың, Раббыларының жанында бастарын иіп: "Раббымыз! Көрдік, естідік, енді бізді (дүниеге) қайтар, түзу іс қылайық. Рас нандық" дегендерін бір көрсең!
Егер қаласақ еді, әркімді тура жолға салар едік. Бірақ Менен: "Тозақты бүтіндей жындар, адамдармен толтырамын" деген сөз болған. (Бұлар, шайтандармен оларға ерген адамдар. С. 84-85-А.)
(Сәжде аяты бар.) Шын мәнінде аяттарымызға, өздеріне үгіт берілген кезде, сәждеге жығылып; Раббыларын мақтап, пәктейді. Сондай-ақ тәкаппарланбай иман келтіреді.
Олардың жамбастары төсектерінен ажырап, (түнде ұйқыдан түрып,) Раббыларына қорқа-дәмете жалбарынады. Сондай-ақ олар берген несібемізден тиісті орынға жұмсайды.
Бұлардан бұрын, қаншалаған нәсілдерді жоқ еттік. Бұлардың, олардың жұрттарында жүріп жүргендігі бұларға жол көрсетпей ме? Расында мұнда ғибраттар бар. Сонда да тыңдамай ма?