/ Ей, Мұхаммед! / Олар сенен бір шешім / жайлы / сұрайды. Айт: «Аллаһ сендерге артында не ата-анасы, не балалары қалмаған марқұм жайында үкім береді. «Егер бір кісі қайтыс болып, оның баласы болмай, қыз туысы / қарындасы / болса, оған ол қалдырғанның тең жартысы тиісті. Ер кісі де, егер қыз туысы / қайтыс болып / баласы қалмаса, оған мирасқор болады. Ал, егер / ер кісінің / қыз туысы екеу болса, оларға ол қалдырғанның үштен екісі тиісті. Ал, егер олар / мирасқорлар / ер және әйел туыстар болса, онда ер адамға екі әйелдің үлесіндей тиеді. Аллаһ сендерге адаспауларың үшін түсіндіреді. Аллаһ барлық нәрсені Білуші.