Ей, Кітап / Інжіл / берілгендер! Діндеріңде артық кетпендер және Аллаһ туралы шындықтан басқаны айтпаңдар. Шын мәнінде, Мәриям ұлы Иса Мәсих - Аллаһтың Елшісі, Оның Мәриямға түсірген сөзі және Оның тарапынан болған бір рух. Сондықтан,Аллаһқа және Оның елшілеріне сеніңдер әрі «үшеу» деп айтпаңдар. Тыйылыңдар, өздерің үшін қайырлы болады. Шын мәнінде, Аллаһ - жалғыз құдай. Ол - баласы болудан пәк. Аспандардағы және жердегілердің бәрі - Онікі. Аллаһ бәрін қамтуда жеткілікті.