Сонда Раббысы оларға: «Анығында, Мен сендерден амал істеуші еркек не әйелдің амалын зая кетірмеймін. Сендер - бір-біріңненсің. Ал, сондай қоныс аударған, жұрттарынан қуылған, Менің жолымда жапа шеккен, соғысқан және өлтірілгендердің жаман істерін кешіріп, оларды астынан өзендер ағып жататын / Жәннаттағы / бақтарға кіргіземін. Бұл - Аллаһтан бір сый ретінде. Сыйдың көркемі - Аллаһта», - деп жауап берді.