Ал, егер сапарда болып, хатшы таба алмасаңдар, онда / қарыздардан / кепілдікке бір нәрсе алынады. Егер бір-біріңе сеніп берсеңдер, аманат тапсырылған / адам / аманатын орындасын және Раббысы - Аллаһтан / Оның тыйғандарынан / қорқып, сақтансын. Әрі куәлікті жасырмаңдар. Кім оны жасырса, онда оның жүрегі күнәһар. Ал, Аллаһ - не істеп жатқандарыңды Білуші.