Ей, иманға келгендер! Егер бір-біріңе белгілі бір мерзімге дейін қарыз берсеңдер, оны жазыңдар. Бір хатшы сендердің араларыңда әділдікпен жазсын. Әрі хатшы Аллаһтың оған үйреткені бойынша жазудан бас тартпасын. Ол жазсын, ал міндетті болған / борышты / жаздырсын және Раббысы Аллаһтан қорқып, сақтанып, одан ешнәрсені кемітпесін. Егер міндетті болған / борышты / ақылы кем, не әлжуаз немесе жаздыра алмайтын болса, онда оның өкіл-қамқоршысы әділдікпен жаздырсын. Ер кісілеріңнен екі куәні куәлікке тартыңдар. Егер екі ер кісі болмаса, онда өздерің разы болған куәлардан бір ер кісі мен екі әйелді / куә етіңдер / . Сонда / екі әйелдің / бірі жаңылса, екіншісі есіне салады. Әрі куәгерлер шақырылған сәтте / куә болудан / бас тартпасын. және / қарыз / кіші не үлкен болса да оны мерзімімен қоса жазудан ерінбеңдер. Осылай ету - Аллаһтың алдында әділдірек және куәлік тұрғысында туралыққа және күмәнданбауларыңа көбірек жақын. Тек өзара қолма-қол жасайтын нақты сауда болса, оны жазбасаңдар да сендерге күнә жоқ. Әрі өзара сауда келісімін жасасқанда куәлар шақырыңдар. Хатшыға да, куәгерге де зиян тигізілмесін. Ал, егер солай істесеңдер, сөзсіз, ол - сендердің бойсұнбауларың. Әрі Аллаһтан / Оның тыйғандарынан / қорқып, сақтаныңдар, ал Аллаһ сендерге үйретеді және Аллаһ барлық нәрсені Білуші.