Өсім жейтіндер / қияметте / шайтан тиіп құтырған біреу секілді тұрады. Бұл олардың: «Сауда да өсім сияқты», - деп айтқандықтары себебінен. Аллаһ саудаға рұқсат етіп, өсімге тыйым салды. Кімге Раббысынан ескерту жетіп, ол / өсім алудан / тыйылса, оған бұрынғы істегендері / кешірім етіледі / . Ал, ісі - Аллаһқа тән. Ал кім / өсімге / қайтса, міне, солар - Отта / тозақта / болатындар. Олар - онда мәңгі қалушы.