Әрі сол кезде Ибраһим: «Раббым! Маған өліктерді қалай тірілтетініңді көрсет», деді. Ол: «Сенбейсің бе?» - деді. Ибраһим: «Жоқ, әлбетте / сенемін / , бірақ жүрегімнің орнығуы үшін», - деді. Ол / Аллаһ / : «Құстардан төртеуін өзіңе алып / сойып, етін араластырып / жина да, содан кейін олардың бір-бір бөлігін әр таудың басына қой. Кейін оларды шақыр, сонда олар саған тез жетіп келеді. Әрі, Аллаһтың бәрінен Үстем, аса Дана екенін біл», - деді.