Немесе төбелері опырылып түсіп, қабырғалары үстіне құлаған бір кенттің қасынан өткен біреуді / білмедің бе / ? Ол: «Аллаһ бұны өлгеннен кейін қалай тірілтеді екен?» - деді. Сонда Аллаһ оны өлтіріп, жүз жылдан соң тірілтті. / Одан / : «Қанша уақыт болдың?» - деп сұрады. Ол: «Бір күн немесе күннің бір бөлігіндей болдым», - деді. / Оған / : «Олай емес, сен жүз жыл болдың. Тамағың мен сусыныңа қара! Түк бұзылмаған. Ал, енді есегіңе қара! Біз сені адамдарға белгі ету үшін / осылай еттік / . Ал, енді сүйектерге қара! Оны қайтып құрастырып, содан кейін оған ет қаптаймыз», - деді. Оған / жағдай / анық болған кезде, ол: «Аллаһтың барлық нәрсеге күші жетуші екенін жақсы білемін», - деді.