/ Ей, Мұхаммед! / Өзіне Аллаһ патшалық берсе де, Ибраһиммен оның Раббысы туралы тартысқанды білмедің бе? Сонда Ибраһим: «Менің Раббым - Ол сондай, өмір беріп тірілтеді және өлтіреді», - деді. Ол / Намруд / :«Мен де тірілтемін және өлтіремін», - деді. Ибраһим: «Ақиқатында, Аллаһ күнді шығыстан келтіреді, ал сен оны батыстан шығар», - деді. Сонда күпірлік еткен / Аллаһтың игіліктерін теріске шығарған / ол абдырап қалды. Аллаһ әділетсіз адамдары тура жолмен жүргізбейді.