Аллаһ - Одан басқа ешбір құдай жоқ. Ол - әл-Хайй / Тірі / , әл-Қаййум / бәріне тіршілік беріп Басқарушы / . Оны қалғу да, ұйқы да баспайды. Аспандардағы және жердегі нәрселер - Онікі. Оның алдында Өзі рұқсат бермей тұрып, кім шапағат ете / араша түсе / алады ? Ол / Аллаһ / олардың алдарындағыны / не болатынын / және арттарындағыны / не болғанын / біледі. Ал, олар Оның білімінен, Ол Өзі қалағанынан басқа ешнәрсені біле алмайды. Оның Күрсісі аспандар мен жерді қамтиды. Әрі Оған / Аса ұлы Аллаһқа / ол екеуін сақтау ауыр келмейді. Әрі Ол - аса Жоғары, өте Ұлы.