Сол уақытта Ыбырайым (Ғ.С.): «Раббым! Бұны бір тыныш қала қыла көр! және оның тұрғындарынан кім Аллаға, ахирет күніне иман келтірсе, әр түрлі өнімдермен ризықтандыр» деп, жалбарынды. (Раббы): «Кім қарсы болса, оны да аз (күнгі дүниеде) пайдаландырамын, сонан соң оны (ахиретте) от азабына зорлаймын. Ол, барар орынның жаманы» деді.