Сол уақытта үйді (Қағбаны) адам баласы үшін орталық әрі бейбітшілік орны етіп жасадық. Ыбырайым (Ғ.С.) ның орнынан намаз орны қылып алыңдар. Және Ыбырайым, Ысмайыл (Ғ.С.) екеуінен: «Үйімді (Қағбаны) тауап етушілер, ғибадатқа отырушылар және рүкүғ, сәжде қылушылар үшін тап-таза ұстаңдар» деп, уәде алғанбыз.