Айт: «Өзіме уахи етілгеннің ішінде, азықтанушы үшін - өлекседен, ағызылған қаннан, доңыз етінен немесе бойсұнбаушылық ретінде, Аллаһтан өзгеге арналып сойылғаннан басқаны азық етуге тыйым салынғанын таппадым. Ал, бұл аталғандар - харам / тыйым салынған / . Алайда кім мәжбүр болып, бірақ өзі қаламай әрі шектен өтпей / жесе / , ақиқатында Аллаһ - өте Кешірімді , ерекше Мейірімді » - деп.