Олар өздерінің негізсіз пайымдаулары бойынша: «Мына малдар мен мына егінді біз қалағаннан басқаның жеуіне тыйым салынған», - дейді. Сондай-ақ, олар кейбір малдарды мінуге тыйым салды. Олар кейбір малдарға Оның есімін атамайды. Бұл - Оған қатысты өтірік, жала. Ойдан құрастырған өтіріктері үшін, Ол жақында оларды жазалайды.