Сәмүд еліне ағайындары Салихті / жібердік / . Ол: «Әй, елім! Аллаһқа құлшылық етіңдер. Сендер үшін Одан басқа ешбір құдай жоқ. Ол, сендерді жерден шығарды әрі онда орналастырды. Одан кешірім тілеңдер әрі істеген күнәларыңа шынайы өкініп, Оған бойсұнуға қайтыңдар / тәубеге келіндер / . Ақиқатында, Раббым - өте Жақын, тілейтіндерге Жауап беруші», - деді.