Аллаһқа серік қосушы / мүшрік / әйелдерге, олар иманға келгенге дейін үйленбеңдер. Ақиқатында, серік қосушы / азат / әйелден - тіпті, ол өздеріңе ұнап тұрса да, - иманға келген күң қайырлы. Сондай-ақ, иманға келгенге дейін мүшріктерге / Аллаһқа серік қосушыларға / Мұсылман әйелдерді тұрмысқа бермеңдер. Сөзсіз, серік қосушыдан - ол сендерге ұнаса да, - иманды / мүмін / құл қайырлы. Олар / Аллаһқа серік қосушылар / Отқа / тозаққа / шақырады. Ал, Аллаһ Өз рұқсатымен жәннатқа және кешірімге шақырады. Әрі Ол аяттарын адамдарға, олар еске алулары үшін түсіндіреді.